Референдум Референдум
USD
USD
USD

Олжас Бектенов әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Үкімет басшысы халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Салық
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. «Аяулы аналар! Қымбатты арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел отбасының берекесі ғана емес, ол – барша тіршілік атаулының тірегі. Халқымыз ақ жаулықты аналарымыз бен сүйікті аруларымызды «ақ бесіктің иесі, шаңырақтың киесі» деп әркез аялап өткен. Рухы мықты, білімді, еңбекқор ұлттың болашағы да, бірінші кезекте киелі Ана атымен тікелей байланысты.

Бүгінде әйелдер қауымы кемел ұрпақ тәрбиелеп, отбасылық құндылықтарды ұлықтаумен бірге, экономиканың барлық саласының дамуына да елеулі үлес қосып келеді. Ендеше, еңселі елдігімізді тербетіп, жанкешті еңбектің үлгісін көрсетіп отырған аналарымызға тағзым ету біздің бәріміздің қастерлі парызымыз болып қала бермек.

Ізгілік пен әсемдіктің береке-бастауы болған осынау шуақты мереке баршаңыздың жүректеріңізге жылу сыйласын.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!», – делінген құттықтауда.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда