25 Қаңтар 09:50

Ақмола облысында қоғам белсендісін өлтіргендер сотталды

Сот
Фото: ғаламтордан

Ақмола облысында қоғам белсендісінің өліміне кінәлі төрт адамға қатысты сот үкімі шықты. Сот кінәлілерге 3 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE. Ақмола облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қоғам белсендісінің өліміне кәнілі топтасқан төрт адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға бір топ адамның сөз байласуы, адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру, атыс қаруын алу, сақтау, қолдану, сондай – ақ, адам өлтіру (жалдау бойынша) айыбы тағылды.

Сот анықтағандай, жәбірленушіні 2019 жылы өз үйінің ауласында мылтықпен атып өлтірген. Өлтірер алдында беттерін тұмшалаған сотталушылар қоғам белсендісінің үй ауласына кірген, терезені сындырып, артынша, оны ұрып-соққан.

Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Алқабилердің үкімімен сотталушылардың төртеуі де кінәлі деп танылды.

«Сот қылмысты ұйымдастырған екі адамды Қылмыстық кодекстің 28 бабының 3 бөлігі, 107 бабының 2 бөлігі, 4 бөлімшесі, 99 бабының 2 бөлігі 7, 8 бөлімшесі бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жасасын тағайындады. Сонымен бірге, біреуінің «полиция подполковнигі» атағынан айырды. Ал қылмысты орындаған екі адамның бірінің әрекетінде қауіпті рецидив бар деп танылды. Ол Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3 бөлігі, 107 бабының 2 бөлігі 4 бөлімшесі, 99 бабының 2 бөлігі 7, 8 бөлімшесі, 106 бабының 1 бөлігі, 287 бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасынан кесілді. Екінші орындаушыға Қылмыстық кодекстің 107 бабының 2 бөлігі 4 бөлімшесі бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, ол жазаны өтеу мерзімінің өтуіне байланысты жазасын өтеуден босатылды», - деді ведомстводан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Тегтер: