USD
USD
USD

ДСМ: Қызылша бойынша эпидахуал тұрақталып келеді

Соңғы екі айдың ішінде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

эпид
Фото: baq.kz

 

Алматы, NEGE. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Қосымша иммундау аясында вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ы егілді. Бұл ретте қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет. Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынамыз, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қызылша асқынуы қауіпті

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас: дене температурасының жоғарылауы; жөтел; аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады.

Қызылша асқынулармен қауіпті: Энцефалит; Пневмония; Отит.

Қызылшаның профилактикасының жалғыз сенімді құралы – уақтылы вакцинациялау.

Вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.

Вакцинациялау арқылы - балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғайсыз.

Елімізде қызылшаға қарсы сертификатталған қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.

ҚР-да вакцинаны енгізуге байланысты иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Күтілетін реакциялар – дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина енгізілген жердің қызаруы, ісінуі тіркеледі.

Қазір оқып жатыр

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Маңғыстау

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

фармацевтика

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана