USD
USD
USD

Астананың Нұра ауданы тұрғындарға 2,5 тонна палау дайындады

Елорданың орталық саябағында екінші күн қатарынан Наурыз мерекесі тойланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. 

палау
Фото: inform.kz

Астана, NEGE. Орталық саябақтағы көктем мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілуде. Наурыз мерекесіне Иран мен Тәжікстан елшіліктері қосылды. Дипломаттар өз киіз үйлерінде Наурыз көже рецептерімен бөлісіп, дәстүрлі тәттілерін таратуда. Түркі және парсы халықтары үшін ортақ мерекеге 2 күнде 15 мыңнан астам астаналық келген.

Сонымен бірге, жалпыхалықтық мерекеде палау фестивалі өтті. Онда Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан аспаздары құрамымен ғана емес, пісіру әдісімен де бір-бірінен ерекшеленетін палаудың алуан түрін пісірді. Екі күнде астаналықтар 2,5 тоннадан астам тәжік, Самарқан, Ташкент палауларынан дәм татты.

Мерекені ұйымдастыруға көмектесу үшін және оған халықаралық ауқым беру үшін әртүрлі елдерден қонақтар келді. Солардың бірі – Тәжікстаннан келген аспаз Джмоледдин Астанакулов.

«Біз бүгін Астана тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы 30 келі палау дайындадық. Бұл тәжік палауы, жай ғана емес, мерекелік палау деп аталады. Оның күнделікті палаудан айырмашылығы бар, мәселен мерекелік палауға арнайы зығыр майы қосылады. Мұндай палау қазаны кем дегенде 500 адамды тамақтандыра алады», - деді аспаз.

Қазір оқып жатыр

Республикалық маңызы бар автожолдың бірінде 10 күнге қозғалыс шектеледі

шектеу

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтан мемлекетке 4,7 млрд теңге залал келген

жемқорлық қылмыстары

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық таратады

Қазақ тілі

Жоғары аудиторлық палата Шымкентті, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын тексермек

Шымкент