USD
USD
USD

Талдықорған қаласы әкімінің қызметтік көлігі жалған нөмірмен ұсталды

Қаңтардың үші күні патруль полициясы қала көшесінде жалған мемлекеттік нөмір тағып жүрген автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында көліктің қала әкіміне тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды Kazinform.

Полиция көлігі
Фото: ПД

Алматы, NEGE. Жергілікті полицияның мәліметінше, қазір қала әкімінің қызметтік көлігі айып тұрағына қойылған. Ал көлікке жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып жүрген көлік жүргізушісі 5 тәулікке қамауға алынған.

Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгініндегі азамат тәртіп сақшыларының талабына көнбей, қарсылық көрсеткен. Қала әкімінің атын атап, қызметтік лауазымымен қорқытқан жүргізушіге қатысты күш қолдануға тура келіпті.

Қала әкімдігі оқиғаға байланысты түсінік бермеді.

Еске сала кетейік, қызметтік көліктің иесі - Ернат Бәзіл былтырғы 30-маусымда Жетісу облысы әкімінің өкімімен Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов