USD
USD
USD

Қазақстанда биатлоннан жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді

Ақмола облысы Щучье қаласында биатлоннан жастар мен жасөспірімдер арасында қысқы Азия чемпионаты өтеді.

Биатлон
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Құрлықтық дода 10-20 наурыз аралығында Щучье қаласынндағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өткізіледі.

Қазақстан биатлоншылар Одағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлықтық додада Азияның 7 елінен 100-ден астам жас спортшы келеді.

Жарысқа қатысушылар 3 сайыс түрі бойынша сынға түседі. Олардың қатарында Қытай Тайпейі, Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд және Қазақстан мемлекеттері бар.

Құрлықтық додада балалар мен жасөспірімдер биатлонын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Жарыс Азия биатлон федерациясының қолдауымен өткізіледі.

2025 жылы Қытайда Қысқы Азия ойындарын өткізу жоспарланып отыр.

Жарыс бағдарламасы:

12 наурыз, сейсенбі- Жеке жарыс (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)
13 наурыз, сәрсенбі- Жеке жарыс (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
14 наурыз, бейсенбі- Спринт (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
15 наурыз, жұма- Спринт (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар)
16 наурыз, сенбі- Із кесу (жеткіншек ұлдар, жеткіншек қыздар)
17 наурыз, жексенбі- Із кесу (жасөспірім ұлдар, жасөспірім қыздар). 

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы