USD
USD
USD

Түркістан облысында гидроцикл үрмелі қайықпен соқтығысып, 3 адам ауруханаға жеткізілді

Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Су көлігі айыптұраққа қойылды.

Гидроцикл
Фото: Видеодан

Алматы, NEGE. Қатты жылдамдықпен келген гидроцикл үрмелі қайықта отырғандардың үстінен секіріп өткен. Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті. Олар жергілікті ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем-дом қабылдады.

«Біреуінің бас миы шайқалған. Ал, бірінің мұрны сынған. Сондай-ақ денелері сырылған. Баршасына қажетті дәрігерлік көмек көрсетілді. Жарақаттарының жеңіл болуына байланысты екі адам ауруханаға жатудан бас тартты. Ал, біреуі екі күн ем алған соң, туыстарының өтінішімен жергілікті жердегі ауруханаға ауыстырылды», - деді Шардара аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Нұрғали Молдаханов.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадағы оқиға 8 тамыз күні Шардара су қоймасындағы демалыс аумағында болған. Гидроциклдің жүргізушісі анықталып, полицияға жеткізілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Су көлігі айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ демалушыларға гидроциклді жалға берген адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда», - делінген ведомство ақпаратында.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші