USD
USD
USD

Самара – Шымкент автожолында 3 мыңнан астам ауыр жүк көлігі өте алмай тұр

7-11 ақпанда Ақтөбе облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты Қызылорда облысы республикалық маңызы бар Самара – Шымкент автожолында Түркістан облысының шекарасынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі барлық учаскеде ауыр жүк және қоғамдық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізді.

көлік
Фото: zakon.kz

Ақтөбе, NEGE. Дәл қазір 3026-ға жуық ауыр жүк және 17 жолаушылар көлігі жолдың ашылуын күтіп тұр.

"ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметі жолда қалған көлік жүргізушілернің барлығына дерлік ыстық тамақ және сусын беріліп жатқанын хабарлады.

"Жеңіл көліктерге шектеу жоқ, кешке дейін жүк көліктері үшін қойылған шектеу де алынады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта жолшылар 5-тәулік бойы күшейтілген режимде күндіз-түні жұмыс істеп жатыр", – дейді "ҚазАвтоЖол".

Облыс әкімдігі және полиция департаменті, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалдарының қызметкерлері жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал облыс тұрғындары үшін көлік қозғалысына шектеу жоқ.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы