USD
USD
USD

Апат болған Костенко шахтасында көмір өндіруге тыйым салынды

Костенко атындағы шахтада болған апаттан кейін көмір өндіруге тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

шахта
Фото: wikipedia.org

Астана, NEGE. QARMET компаниясының мәліметінше, аталған шахтада болған апаттан кейін Қазақстан "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатты. Ал компанияның атауы Qarmet болып өзгертілген еді.

Андрей Лаврентьев пен Вадим Басиннің атынан Qarmet басшылығы жүргізіліп жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Алайда трагедияның қайталану ықтималдығы әбден жойылғанға дейін шахтада өндірісті қайта бастауға тыйым салынды, - деп жазылған ресми хабарламада.

Айта кетейік, былтыр 28 қазанда көмір шахтасында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жарақат алған. Оқиғаның себебін тексеру бойынша құрылған үкімет комиссия трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген қорытынды шығарды. Қазіргі кезде 19 адам тартылып жатыр. Шахтаның қазіргі жағдаймен танысу үшін Qarmet тобы апат болған аймаққа жақын 600 метрден астам тереңдікке дейін түсіп, сол маңайдың жай-күйін көзбен көрді.

Кәсіпкер Андрей Лаврентьев "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының үлесін сатып алды. Ал Вадим Басин бас директор қызметіне тағайындалған болатын.

Қазір оқып жатыр

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді

мұнай-өңдеу зауыты

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық