USD
USD
USD

Талғар, Еңбекші қазақ аудандарында мектеп есепшілері қаржы жымқырған

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады. 

ақша жымқыру
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл құқықбұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлері мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. Алдын ала есеп бойынша, келтірілген шығын 90 млн теңгеден асады және шығынды есептеу жалғасып жатыр.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігі 4-тармағы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша қылмыстық іс қозғап, Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу басқармасына жолдады.

Осыған ұқсас факті Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі тергеу сатысында 10 млн теңгеден астам шығынды өтеген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж