USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы көркем жүзуден олимпиада жолдамасына ие болды

Қазақстандық Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина Парижде өтетін Олимпиадаға көркем жүзу спорт түрі бойынша лицензияны жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан құрамасы көркем жүзуден олимпиада жолдамасына ие болды
Фото: Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Астана, NEGE. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

Осыған орай дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Сөйтіп Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша олимпиадаға өтті.

Ханчжоуда аталмыш жұп қола жүлдегер атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны