12 Маусым 13:31
...

Түркістанда корейлік Woosong университетінің филиалы ашылмақ

Нурбек
Фото: е-gov

Түркістанда корейлік Woosong университетінің филиалы ашылмақ. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Түркістан, NEGE. Бүгін бірнеше келісімге қол қойылуы тиіс. Сонымен қатар, Сеул ғылым және технология ұлттық университеті Қызылордадағы Қорқыт ата өңірлік университетінің базасында бірлескен бағдарлама мен жасандық интеллект мектебін ашты.

«Үш бағдарлама іске қосылады: жасандыинтеллект, компьютерлікинжинирингжәнекиберқауіпсіздік. Дәрістер ағылшын және корей тілдерінде өтеді. Үздік оқытушылар келеді. Бұл жасанды интеллект жөніндегі ұлттық жоба аясында өте өзекті», - деді Саясат Нұрбек Ақордада.

Оның атап өтінше, отандық зерттеушілерге «Болашақ» және басқа да бағдарламалар аясында Кореяның үздік университеттері мен зертханаларында білім алуға және зерттеулермен айналысуға мүмкіндік беріледі. Корея университеттері де Қазақстан жастарына білім гранттарын ұсынуға дайын.

«Woosong университеті келесі жылы Түркістан қаласында компьютерлік инженерия, киберқауіпсіздік салаларына қатысты үлкен филиал ашады. Неліктен Түркістанды таңдадық? Өйткені ол халық саны тез өсіп келе жатқан қала, орташа жас - 27 жас. Аталған университеттің Қазақстандағы филиалының түлектері тікелей Кореяға барып жұмыс істеуге мүмкіндіктері болады. Жұмыс визалары беріледі», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға үшкүндік мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды.