USD
USD
USD

Қытайдың тұңғыш ірі круиз лайнері бортына 150 мың турист қабылдады

Қытайдың Adora Magic City компаниясы өндірген тұңғыш ірі круиз лайнері өзінің 37 рейсін орындап, бортына 150 мың турист қабылдады. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

круиз
Фото: Синьхуа

Алматы, NEGE. Алып кеме алғашқы рейске жылдың басында аттанып, бірден саяхатшылардың жүрегін жаулады. «Дуаньу» айдаһар қайықтарының мерекесі қарсаңында Adora Magic City круиз лайнері 4 мың туристі қабылдап, шанхайлық халықаралық Усункоу круиз терминалына бағыт алды.

Су сыйымдылығы 135,5 мың тонна круиз лайнерінің ұзындығы – 323,6 м. Бортта барлығы 2 125 қонақ кабинасы бар, олар 5246 жолаушыны қабылдай алады.

«Қалқып жүрген алтын индустрия» атанған аталмыш алып кеме ұзын өнеркәсіптік тізбегімен сондай-ақ жоғары интернационалдану дәрежесімен ерекшеленеді. Adora Magic City круиздік кемесінің құрылысына 1 мыңнан астам қытайлық және шетелдік өндірушілер тартылған.

Осы жылдың 20 сәуірінде Қытайда жасалған екінші ірі круиздік кеме құрастыру жұмыстарының соңғы бөлшектерін жасату үшін Шанхай верфіне кірді, бұл Қытайдың круиздік кемелерді жаппай өндіру мүмкіндігін сәтті дамытқанын көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева