21 Сәуір 15:27

Жайық кенерінен асып, Орал маңындағы саяжай аумақтарына су жайылды

су
Фото: видеодан алынды

21 сәуірде түстен кейін Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді. Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал, NEGE. Айта кетсек, 21 сәуірде түнде үлкен судың таяуына байланысты жергілікті әкімдік Орал қаласында қосымша эвакуациялық пунктердің тізімі жариялаған болатын.

Жайық өзені жағалауына жақын аудандар бойынша:

· Желаев кенті "Рахмет" супермаркетінен теміржолға дейін - №44, №28 орта мектеп.

· Желаев кенті теміржолдан Вербовая көшесі 4 және 2-үйге дейін тұратындар - №24 орта мектеп.

· Желаев кенті Вербовая көшесі 4 және 2-үйден Чкалов көшесімен "PITSTOP" жанар-жағар май стансасының арты - №16 орта мектеп.

· Ет комбинаты ауданы "PITSTOP" жанар-жағар май стансасының арты – Шыңғырлау көшесіне дейін - №34 орта мектеп.

· Ет комбинаты ауданы Шыңғырлау көшесінен Шүкіров көшесіне дейін - №5 және №23 орта мектеп.

· Ет комбинаты ауданы Шүкіров көшесі Бұхар көшесіне дейін - №42 орта мектеп.

· Әмбебап дүкені ауданы "ЗапКазРЭК"-тен (ОралПЕТГАЗ) А.Құсайынов көшесіне дейін - №16 және №39 мектеп.

· А.Құсайынов көшесінен Орал-1-ге дейін - №26 және №4 орта мектеп.

· Орал 1-ден Т.Жароков көшесіне дейін - №35 орта мектеп.

· Т.Жароков көшесінен Стеллаға дейін - №35 орта мектеп.

· Курени ауданы Стелладан Н.Назарбаев даңғылына дейін - №7 орта мектеп.

· Курени ауданы Н.Назарбаев даңғылынан М.Горький көшесіне дейін - №19 және №21 орта мектеп.

· Жәңгір хан көшесінен Коминтерн ауылына дейін, ветстанса ғимараты - №30 орта мектеп.

· Коминтерн ветстансадан Свободная көшесі ¼-үйге дейін - №10 орта мектеп.

· Коминтерн Онискин көлінен (Nur ER) "Стеновик" стадионына дейін - №47 орта мектеп.

Шаған өзені жағалауына жақын аудандар бойынша

· Пугачев ауылынан Исатай-Махамбет көшесіне дейін - №45 орта мектеп.

· Исатай-Махамбет көшесінен С.Даумов көшесі 79-үйге дейін - №50 орта мектеп.

· С.Даумов көшесі 79-үйден Н.Сыдықов көшесіне дейін – БКМ.Резервтік эвакопунктер - №38, №37 орта мектептер және эстетикалық бағыттағы гимназия.