Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға қазақы тазының екі күшігін сыйлады

Бұл туралы БОРТ N1 Telegram каналы хабарлады.

Макрон
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті «Этноауыл» көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді.

Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген.

Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантинге жіберді. Сонымен қатар Франция тарапына күшіктерді тамақтандыру және үйрету жөніндегі нұсқаулық берілді.

Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды. Күшіктер Макрон отбасының Немо есімді қара лабрадорымен «достасып» үлгерген.

Бұл итті ерлі-зайыпты Макрондар 2017 жылы жануарлар паналайтын жерден асырап алған

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық