Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Алматыда журналистер сквері жаңартылды

Алматыда көптеген тұрғынның сүйікті орнына айналған ҚР Орталық мемлекеттік музейінің жанындағы Журналистер скверін реконструкциялау аяқталды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.

журналистер сквері
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Сквер аумағы 1,3 га, дені жасыл желектермен және гүлзарлармен көмкерілген. Саябақ аймағының орталығындағы әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішінің айналасында жан-жаққа бастайтын 9 соқпақ жол бар.

1997 жылы салынған сквер жаңартуды қажет еткен, себебі бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Соқпақ жолдардың жабыны бұзылған еді. Ескерткіштің айналасындағы аумақтың да жабынын ауыстыру қажет болатын. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері жарамсыз болып, аумақты көгалдандыруды жаңарту қажеттігі туындаған.

Реконструкция аясында кеспе тас төсеу, жиектастарды монтаждау жұмыстары жүргізілді, 12 жаңа орындық пен 14 қоқыс жәшігі орнатылды, 3,8 мың бұта мен 10 туя ағашы отырғызылды. Сонымен қатар, Меңдіқұлов көшесіне қарай қосымша жаяу жүргіншілер жолы құрылды.

Бүгінде бұл жаяу серуендеуге, көкке шығуға және балалармен демалуға ыңғайлы жаңартылған сквер.

Қазір оқып жатыр

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы

Энергетика министрлігі кей өңірде жарықтың сөнуіне не себеп болғанын түсіндірді

Электр жарығы