USD
USD
USD

Астанада Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысы марапатталды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagramпарақшасында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысына арнайы сыйлық берілгені туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі
Фото: Астана әкімдігі

Алматы, NEGE. «Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбаймен және оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевпен кездестім.

Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туыстарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр!

Демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті, ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табыс етілді.

Спортшыларымызға биік-биік шыңдарды бағындыруын тілеймін!» – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева