USD
USD
USD

Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылып қалды

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке жарияланған мемлекетаралық іздеу күшін жойды, деп жазады inbusiness.kz.

Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылып қалды
Фото: sputnik.kz

Астана, NEGE. Бейбіт Шүменовке қатысты Астана қаласы Есіл ауданының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.

"Қазіргі уақытта тергеу нәтижесі бойынша және жәбірленушілерден келіп түскен кешірім беру арызы негізінде Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс және қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қазаға ұшыратумен байланысты емес және онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса, сондай-ақ келген залалды өтесе, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2023 жылы шілдеде қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов көпшілік орында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген еді.

Қазір оқып жатыр

ІІМ шетелдіктерге ЖСН беру кезінде тексерісті күшейтпек

ІІМ

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси