USD
USD
USD

СҚО-да трактор мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болып, үш адам мерт болды.

СҚО ПД
Фото: СҚО ПД

Алматы, NEGE. Жол-көлік апаты бүгін Қызылжар ауданы Бескөл ауылынан 3 км жерде болған. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астана – Петропавл» автожолында Infiniti FX45 автокөлігінің жүргізушісі бір бағытта кетіп бара жатқан «Беларус» тракторының тіркемесіне соғылған.

Салдарынан жеңіл көліктің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 37 және 27 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір 1996 жылғы жолаушы қыз бала орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Трактордың 35 жастағы жүргізушісі зардап шекпеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері үш адамның қазасына алып келген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қажетті сараптамалар мен сотқа дейінгі іс жүргізуді тағайындау үшін материалдар жинап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Әзербайжан тарапы қазақстандықтарға әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстан мен Әзербайжан туы

Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасы: Қанат Бозымбаев Ақтауға ұшты

Қанат Бозымбаев

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы