USD
USD
USD

Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды

2024 жылғы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды. Есеп - 8:2, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хоккейден ӘЧ-2024: Қазақстан құрамасы Германиядан ойсырай ұтылды
Фото: ҚР хоккей федерациясы

Алматы, NEGE. Ғалым Мамбеталиев келесі құрамды ұсынды: Шутов (Бояркин) — Метальников-Бекетаев, Өмірбеков-Старченко-Рымарев; Орехов-Данияр См, Михайлис-Мұхаметов-Мұратов; Бреус-Диханбек, Панюков-Шестаков-Савицкий; Королёв-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.

Кездесудің үшінші минутында Германия екі шайбаны қақпаға тоғытып үлгерді, бірақ содан кейін Роман Старченко арадағы алшақтықты қысқартты. Ойынның екінші бөлімінде немістер үшінші гол соқты, содан кейін Андрей Шутовты Никита Бояркин алмастырды, ол соңғы ысқырыққа дейін бес рет қақпаға шайбаны жіберіп алды, өз кезегінде отандастарымыз арасында Артем Королев те ерекшелене білді. Есеп: 8: 2, неміс хоккейшілері мықты екендіктерін дәлелдеді.

Осылайша, Қазақстан турнирде қатарынан төрт матчта жеңіліс тапты, еншімізде тек бір жеңіс бар. Қазақстан құрамасы келесі матчты 19 мамырда АҚШ-қа қарсы өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай