USD
USD
USD

Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан жеті алтын медаль жеңіп алды

Қостанайда Орал және Қорған Айтеновті еске алуға арналған халықаралық жастар турнирі өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Sports.kz
Фото: Sports.kz

Алматы, NEGE. Жарысқа 2006 және 2007 жылы туған боксшылар қатысты. Турнирдің қорытындысына сәйкес Қазақстан жеті алтын медаль жеңіп алды.

Өз салмақ дәрежесінде Халит Бекетов (48 кг), Алмас Нұрлан (54 кг), Ерхан Оңталапов (57 кг), Бекжан Тлебалды (71 кг), Арыстан Нұрмагамбет (75 кг), Ілияс Жандау (80 кг) және Аслан Елдибайұлы (92 кг) қанжығасына алтын медаль байлады.

Сондай-ақ Тәжікстаннан келген үш боксшы алтын медаль алды. Олар: Дамир Муйбалихонов (60 кг), Руслан Гафуров (63,5 кг) және Идрис Ильназаров (92+ кг).

Ал, Өзбекстан екі алтын медаль алды. Чемпион атанған Абдулазиз Абдуназаров (51 кг) және Абдуллох Тохиров (67 кг).

Қырғызстаннан Чойбеков (86 кг) бір алтын медаль алды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов