USD
USD
USD

Құсбегіліктен Қазақстан чемпионатының финалистері анықталды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өтіп жатқан 2024 жылға арналған құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

буркіт
Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Өскемен, NEGE. Алғашқы екі күннің қорытындысы:

Бүркіт құсымен сайыс бойынша финалдық бәсекеге таза жолдама алғандар:

1. Кушкаров Арман

2. Бүркітбай Жасұлан

3. Искаков Алан

Түлкіге салу сайысы бойынша чемпиондықты сарапқа салады.

3-орынды сарапқа салатындар:

4. Сейітжан Аян

5. Танатов Ғабит

6. Абдулкарим Сармат

7. Бәйетбай Сағыныш

8. Қазыбеков Нұрғазы

Чемпионатқа еліміздің 10 облысынан және 2 қаладан 100-ге жуық құсбегі қатысуда. Тіркеуден 61 бүркіт, 21 қаршыға, 14 ителгі өтті.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты алғашқы жарыс күндері құсбегілеріміз үшін оңайға соққан жоқ. Дегенмен спортшылар жақсы нәтиже көрсетуде», - деп атап көрсетілген Ұлттық спорт қауымдастығы таратқан қабарламада.

Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медальдармен және түрлі қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі