USD
USD
USD

ЕО Иранның Израильге шабуылын айыптады

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты қысқаша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

еуро
Фото: pixabay

Алматы, NEGE. «Еуропалық Одақ Иранның Израильге қарсы шабуылын қатаң айыптайды. Бұл бұрын-соңды болмаған эскалация және аймақтық қауіпсіздікке елеулі қатер», - деп жазды еуропалық дипломатияның басшысы X желісінде.

Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель де Иранның Израильге шабуылын қатаң айыптады.

«Аймақтық шиеленістің одан әрі өршуіне жол бермеу үшін барлығын жасау керек. Бұдан әрі қантөгіске жол бермеуіміз керек. Біз әріптестерімізбен бірге жағдайды жіті бақылауды жалғастырамыз», - деді Ш.Мишель.

Бұған дейін Иран Израильге қарай ұшқышсыз ұшақтарын ұшырып, Тегеран үстіндегі әуе кеңістігін жауып тастаған болатын.

Иран 1 сәуірде Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған әуе шабуылына жауап қайтаруға уәде беріп, соның салдарынан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірнеше қолбасшысы, оның ішінде екі генерал қаза тапты.

Израиль әлдеқашан Иран немесе оның жақтастары шабуылына жоғары дайындықты бастап кеткен.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net