USD
USD
USD

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы ұсталды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы жемқорлық жасау күдігіне ілікті, деп хабарлайды Kazinform. 

Полиция
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, ресми өкіл Данияр Бигайдаров мәлім етті.

«Агенттік сыбайлас жемқорлықты, оның ішінде жоғары лауазымды тұлғалар арасында анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда. Осылайша, агенттік Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы және басқа тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар 2021-2024 жылдар аралығында шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді», - деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, тергеу соты күдіктіге қатысты электрондық білезікті пайдалана отырып, үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

«Күдікті кінәсін толық мойындады, қазір басқа тұлғалардың іске қатысының бар-жоғы тексерілуде. Тергеу жалғасуда», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев