Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлытауда 25 елді мекенді су басу қаупі бар

Күн күрт жылынса елді мекендер су астында қалуы мүмкін. Ұлытау облысында 25 ауылды су басу қаупі бар, деп хабарлайды 24.kz.

су
Фото: 24.kz

Алматы, NEGE. Көбі Жаңаарқа ауданының ауылдары. Күн күрт жылынса елді мекендер су астында қалуы мүмкін. Биыл өңірде қар қалың түсті. Облыстың солтүстік бөлігінде тоңның қалыңдығы 1 метрге дейін жетеді. Қазір өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдай қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, арық-атыздарды тазалап, қажетті инертті материалдар мен техникалық құралдардың қорын жасақтап жатыр.

Әлібек Әбілов, Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы:

Бүгінгі таңда 270 мың текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстар әлі жалғасуда. Сонымен қатар жол ұйымдарының қызметкерлерімен 600-ге жуық су өткізу құбырлары және көпірлер тазаланды. Негізгі қауіп 15-наурыздан бастап күндіз де, түнде де ауа температурасының жылынуы күтілуде. Бізде қазір дайын штаб құрамы бар. Қажет болған жағдайда, қауіп төнген жағдайда сол штаб құрылып, дереу іс-шаралар қабылданады.


Қазір оқып жатыр

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат

Қазақстанда аукцион өткізу тәртібі өзгертілмек: кепілдік жарна құны қымбаттайды

Аукцион

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды: 75 мыңнан астам талапкер тегін білім алады

мемлекеттік білім гранты

Ұлттық валютаны инфляция қарқынының баяулауы қолдап отыр – сарапшылар

теңге бағамы