Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысу үшін құжат тапсырды

Бүгін еліміз бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 24 шілдеге дейін жүргізіледі. Бұл туралы Kazinform.kz хабарлады.

ввв
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. «Қазіргі таңда (сағ. 17.00) 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш „Педагогикалық ғылымдар“ және „Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары“ бағыттарына берілді», — деп жазды Ғылым және жоғары білім министрлігінен.

Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.

Атап өтсек, отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3×4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 2 млн теңге жалақы қай саланың мамандарына ұсынылады?

Ақша

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе таксиі алғаш рет көкке көтерілді

 ұшқышсыз әуе кемесі

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека

​FIDE үшін бәсеке: Турловтың жеңісі Қазақстанның беделін арттыра ма?

Бизнесмен