USD
USD
USD

Түн тыныштығын бұзған: Павлодар облысында төрт мыңға жуық тұрғын жазаланды

Учаскелік инспекторлар құқықтық тәртіпті бұзған жағдайда қажетті шараларды қолдана отырып, жедел шешуге тырысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Түн тыныштығын бұзған: Павлодар облысында төрт мыңға жуық тұрғын жазаланды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, үй тұрғындары ортақ чат арқылы учаскелік инспектордан сағат 03.57-де жүргізушіні тыныштандыруды сұраған. Ол Н. Назарбаев даңғылы, 8/2 мекенжайындағы үйдің ауласында көлікте музыканы қатты қосып, азаматтардың тыныштығын бұзған.

– Құқық бұзушыға қатысты тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалып, бес АЕК айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.

Дәл осы күні Жамбыл көшесіндегі үйдің тұрғындары да осындай шағымдармен жүгінген, сағат 01.20-да аулада белгісіз шу естілген. Сағат 01.10-да Сәтбаев көшесі, 245 және Назарбаев даңғылы, 32 мекенжайларында балалар алаңында дауыстап сөйлесіп, ән шырқаған. Барлық құқық бұзушылар жазаланды.

Тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтың куәгері болған жағдайда 102 телефоны арқылы хабарлау немесе «Рolise 102» мобильді қосымшасын пайдалану, Instagram direct dp_pavlodar-ға хабарлама жіберу қажет екенін еске салады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі