Референдум Референдум
USD
USD
USD

Олимпиадада қанша әлемдік рекорд жаңарды

Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары жақындаған сайын спорт жанкүйерлерін, «Қай ел қанша медаль алады? Олимпиадада кімдер рекорд жасайды? Кімдер жарқ етіп жасындай жарқырайды?» деген сұрақтар мазалап жүргені айдан анық, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Олимпиадада қанша әлемдік рекорд жаңарды
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Біз бүгін соңғы Афина Олимпиадасынан бері қарайғы Токио ойындарына дейінгі төртжылдық басты бәсекеде қанша әлемдік рекорд жасалғанын оқырман назарларына ұсынамыз.

Афина Олимпиадасы - 47 әлемдік рекорд;

Пекин Олимпиадасы - 34 әлемдік рекорд;

Лондон Олимпиадасы - 32 әлемдік рекорд;

Рио Олимпиадасы - 27 әлемдік рекорд;

Токио Олимпиадасы - 17 әлемдік рекорд.

Ал биыл Парижде кімдер қанша рекорд жасай алады? Оны алдағы уақыт көрсете жатар.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда төртжылдық додаға жолдама жеңіп алған қазақстандық спортшыларымыз соңғы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 80 жолдама жеңіп алды. Нақтырақ айтсақ, бокс, дзюдо, спортттық гимнастика, жеңіл атлетика, байдарка мен каноэде есу, оқпен ату, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, садақ ату, стендтік ату, теннис, велошоссе, жүзу, заманауи бессайыс, таеквондо, велотрек, батут гимнастикасы, бадминтон, академиялық есу, көркем гимнастика, триатлон, үстел теннисі, құзға шығу және брейкингтен Олимпиада ойындарында сынға түседі.

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов