USD
USD
USD

Павлодарда жарты тұрғын үйлерде судың өшірілуіне байланысты тергеу ашылады

Әлі де сусыз қалып отырған тұрғындар қала әкіміне тікелей жаза алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

https://pavlodarnews.kz/
Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар, NEGE. 21 маусымда таңғы сағат 8:45-те Оңтүстік су жинау станциясында 1-ші көтергіш сорғы жабдығы ажыратылып, жарты қала сусыз қалды. Оған электр желісіндегі техникалық ақаулар себепші болды. Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.

– Жұмыстар тәулік бойы жүргізілді. Бүгінде су беру қалпына келтірілді. Егер суы жоқ мекенжайлар бар болса, оларды жеке қарастырып, шешеміз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймын,– деп жазды қала әкімі.

Оның айтуынша, аталмыш факті бойынша атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау департаменті тергеу жүргізетін болады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті