Референдум Референдум
USD
USD
USD

Шымкентте әкімдіктің 26 қызметкері жазаланды

Шымкентте әкімдіктің 26 қызметкері мемлекеттік сатып алу кезінде заңбұзушылықтарға жол берген. Олар жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Шымкент, NEGE. Талдау барысында қала прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың сот жосықсыз деп таныған әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуда бұл тізімге енгізбеу фактілерін анықтаған. Нәтижесінде бұл оларға конкурстарға еркін қатысуға және тапсырыс берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдер жасасуға мүмкіндік берген.

«Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес тізілімге 29 жосықсыз өнім беруші енгізілді. Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімі аппаратының 26 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Шымкент қаласы прокуратурасы. 

Еске салсақ, біз бұған дейін Шымкентте Қаратау ауданы әкімінің орынбасары мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары жазаланғанын жазған едік. Олар жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыс жайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамаған.

Ал оған дейін Шымкентте екі басқарманың бұрынғы басшылары балаларды үйірмесіз қалдырғаны белгілі болды. Бұл фактіні де прокурорлар анықтап, экс-шенеуніктер жауапқа тартылды

Қазір оқып жатыр

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Мал шаруашылығы

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

блогерлер

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?

Саяхат

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген шенеунік қамалды

Ұстау