USD
USD
USD

Қостанай облысынан 1 800-ден аса адам эвакуацияланды

Қостанай облысының су алған аудандарынан 1800-ден аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабтың брифингінде облыс әкімінің орынбасары айтты, деп хабарлайды 24.kz.

су таскыны
Фото: 24.kz

Қостанай, NEGE. Қазір аймақтағы Қарасу ауданында өзен суының деңгейі көтерілуде. Осыған байланысты бірқатар елді мекендерді су басу қаупі төнуде.

Арман Әбенов, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

– Қарамырза ауылында 36 үйді су алды. Ресейден су жіберілетін болса, Бейімбет Майлин ауданындағы 5 ауылды су басуы мүмкін. Қазір елді мекендерде қауіптің алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Қаптар мен инертті заттар дайындалған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен

Астанада 4,4 млрд теңгенің пәтерлерін жалған үлескерлер арқылы иемденбек болғандар әшкереленді

Күдікті

Алматыда Санжар Боқаевқа қатысты сот процесі басталды: оған бес бап бойынша айып тағылды

Санжар Боқаев

Қоқыстан табылған нәресте өлімі бойынша экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сталкинг