USD
USD
USD

Алматылықтар ашық аспан астында шет тілдерін тегін үйрене алады

Алматыда ашық аспан астында қазақ және шет тілдерін оқыту бойынша тегін курс ұйымдастыруға бағытталған "Тілдер саябағы" қалалық әлеуметтік жобасы ашылды.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Жоба қаланың жастар саясаты басқармасының, Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің және қала еріктілерінің фронт кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

«Тілдер саябағы» лингвистикалық жобасы Алматы қаласының ірі саябақтарында ашық ауада оқытылады, мегаполистің барлық 8 ауданын қамтиды.

Қазір онда қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай және корей тілдерінен курстар бар. Сабақтар аптасына 3 рет өткізіледі, 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық ниет білдіруші қатыса алады. Жоба аяқталған соң қатысушыларға тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат беріледі.

Алдағы уақытта жобаны ұйымдастырушылар басқа да шет тілдерін қосуды жоспарлап отыр.

«Тілдер саябағы» қыркүйектің соңына дейін екі ай бойы жұмыс істейді. Жобаның ең белсенді қатысушылары үшін күзгі-қысқы уақытта ауданның комьюнити орталықтары базасында оқу жалғасады. Осылайша, жоба қала тұрғындарын жыл бойы оқытады.

Айта кетейік, жыл сайын Алматыда жастарға арналған 1000-нан астам тегін курс, экологиялық, мәдени және спорттық іс-шара өткізіледі. Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың қоғамдық өміріне тартуға, жеке дамуына және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

 

Қазір оқып жатыр

Оқушылар мен ұстаздардың дерегі тарады ма? Daryn.online жауап берді

Бизнес

Жетісу облысында психикалық бұзылыстары бар адамдар көлік жүргізіп келген

жолдағы жылдамдық

Атырау облысында хирург МӘМС аясында тегін жүргізілетін отаға ақы алып келген

алаяқтық

Алматыда автобустың дөңгелегі шұңқырға түсіп кетіп, жолды жауып тастады

ор