USD
USD
USD

Алматы облысында балағат cөз айтқан судья қызметінен кетті

Талғар аудандық сотының судьясы Ералы Бекбаев қандай тәртіптік жаза үшін қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Судья
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Айта кетейік, ақпанда Президент жарлығымен 23 судья қызметінен босатылды. Талғар аудандық сотының судьясы Ералы Бекбаев теріс қылық жасағаны үшін босатылды.

Жоғарғы сот кеңесінде Ералы Бекбаев судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

"Судья аудандық сот аппаратының қызметкеріне балағат сөз айтып, дөрекі түрде қарым-қатынас жасады. Президенттің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 486 жарлығымен Е.Е. Бекбаев Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы қызметінен сот жюриінің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судьяны қызметінен босату қажеттігі туралы шешімі негізінде босатылды", - деп жазылған Сот кеңесінің Tengrinews.kz-ке жауабында.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық