USD
USD
USD

Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Дмитрий Попко Буэнос-Айрес (Аргентина) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Дмитрий Попко
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлемнің 417-ракеткасы жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 727-орында тұрған бразилиялық Жоао Фонсекамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда бірден 3:0 есебімен алға кеткен қазақстандық теннисші есесін жібермеді - 6:2.

Екінші сетті де ол жеңіспен тәмамдады - 6:4.

Бір сағат 25 минутқа созылған матчта Попко 2 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейкпен шектелді.

Дмитрий Попко финалда әлемнің 415-ракеткасы, Перу өкілі Гонсало Буэномен бас жүлдені сарапқа салады. Ол тағы бір бразилиялық Жоао Лукас Реис Да Сильваны ұтты - 6:4, 6:4.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев