Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Франция президенті Елисей сарайында Тоқаев сыйлаған қазақы тазылармен серуендеп жүр

Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт сыйлаған қазақы тазылармен серуендеп жүр.

Тазы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Франция Президентінің жеке фотографы Soazig de la Moissonnière әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция президенті «Этноауыл» көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берді.

Кейін Парижге қазақы тазының бес айлық екі күшігі жеткізілді. Қос тазыны француз ветеринарлары тексеріп, уақытша карантиннен кейін иесіне – Франция президентіне берілген.

Тазы күшіктеріне Жюль және Жанна деген жарасымды есім берілгені мәлім болды. Фотодан Франция президентінің Жюль және Жанна есімді тазы күшіктерімен және Немо есімді қара лабрадорымен серуенден жүргенін көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан шамамен 700 млн доллар табыстан қағылды – сарапшы

Мұнай

Щучинскіде 12 адамның өліміне әкелген жарылыс: дәмхана иесі сотта жауап берді

Сот

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.