21 Сәуір 10:17

50-ге жуық екібастұздық интернет алаяқтардың құрбаны болды

теле
Фото: pavlodarnews.kz

Олардың басым бөлігі «банк қызметкеріміз» дегенге алданғандар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар, NEGE. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алуды жалғастыруда.

Жыл басынан бері Екібастұзда 79 алаяқтық фактісі тіркелсе, оның 49-ы интернет алаяқтық. Ең көп таралған схема - «банктен қоңырау шалу». Қызметкер құрбанын өзге біреулер атына несие рәсімдеп жатқанына сендіреді. Осылайша жеке деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды, логиндер мен парольдерге оңай қол жеткізеді. Сондай-ақ, алаяқтар әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшаларды құрал ретінде белсенді қолданады. Тегін жарнамалық сайттар арқылы, жалған қызметтер мен тауарлар, пәтер сату, және басқа қызметті ұсынады.

- Интернет алаяқтар үнемі жаңа схемаларды қолданады. Смартфондар мен компьютерлерге қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын белсенді қолданады. Алаяқтар көбінесе басқа қалалар мен елдерден әрекет етеді. Интернет алаяқтықтың құрбаны болмас үшін байланысты үзіңіз. Жеке деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды, логиндер мен парольдерді ешкімге жібермеңіз, - дейді Екібастұз қаласы ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары Медет Бейсенов.

Еске сала кетейік, брошюралар, жадынамалар тарату және жеке түсініктемелер беру – алдын алудың бір түрі. Бұл акцияларға полиция қызметкерлері еріктілерді, қоғамдық көлік қызметкерлерін, колледж студенттерін тартады. Онда адамдар көп жиналатын жерлерде, қоғамдық көліктерде, сауда үйлерінде қала тұрғындары мен қонақтарына желілік алаяқтардың қауіптілігі туралы хабарлайды және кеңес береді.