USD
USD
USD

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады

Қазақстан Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне қосылуы мүмкін, оның арқасында қазақстандықтар бұл елде заңды түрде жұмысқа тұра алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Оңтүстік Корея
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Екі елдің өкілдері онлайн-форматта келіссөз жүргізді.

"Оның барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Employment permit System жүйесіне (бұдан әрі - EPS) енгізу мәселесін талқылады. Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Кездесуге Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Еңбекмині Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова және Корея республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қарағандының ғылыми қауымдастығымен кездесті

.

Ұлттың өркендеуі жеке бастың мәдениетімен тікелей байланысты – Ерлан Қарин

Конституция жобасын талқылау

«Ұмай» әйелдер ипотекасы конкурссыз берілмек

Ұмай

Никол Пашинян тамызда Армения үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді

Никол Пашинян