USD
USD
USD

Геннадий Головкин 2025 жылы шаршы алаңға оралуы мүмкін

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін, дем хабарлайды ҚазАқпарат.

Геннадий Головкин
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. boxingnews.com сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиялық бай, бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс жасаған.

Басылымның жазуынша, Головкинге рингке оралғаны үшін жақсы ақша уәде етілген. Сондай-ақ оған 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен (41-0-0,31КО) жұдырықтасуы керек.

Жекпе-жек туралы ақпарат бокс жанкүйерлерін елең еткізді. Ықтимал айқас Теренс Кроуфордтың мексикалық боксшы Сауль Альварес (61-2-2,39КО) арасындағы жекпе-жек алдындағы дайындығы болмақ. Себебі америкалық боксшы Алвареспен 168 фунд салмағында бокстасады. Ал Головкин оның орта салмақтағы (160 фунд) алғашқы қарсыласы және Альвареспен 3 рет қолғап түйістірген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев