USD
USD
USD

Төтенше жағдайлар министрлігінде ақпараттық-насихаттау тобы құрылды

Ақпараттық-насихаттау тобы министрліктің жеке құрамы арасында идеологиялық, азаматтық-патриоттық, яғни, қазақстандық патриотизм мен конституциялық борышқа адалдық рухында, идеялық-адамгершілік тәрбиені насихаттау, еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша ақпараттандыру және ТЖМ имиджін одан әрі арттыру мақсатында құрылды, деп хабарлады ТЖМ.

Төтенше жағдайлар министрлігінде жиын
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Топ құрамына ТЖ вице-министр генерал-майор Бауыржан Сыздықов, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов, сондай-ақ ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кіреді.

Ақпараттық-насихаттау тобының жеке құраммен алғашқы кездесуі Астана қаласында өтті. Ақпараттық-насихаттық топ елордалық гарнизонның жеке құрамымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы кездесу аясында өрт сөндіру және ТЖ-ның салдарын жою кезінде ерекше көзге түскен 5 қызметкер марапатталды. Кездесу барысында азаматтық қорғау органдарында қызмет туралы бейнеролик көрсетіліп, Астана қаласы ТЖД жеке құрамының күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері «Астана қаласы мектептерінің ТЖ министрлерімен» кездесті. Басқосуға елорданың мектептерінен 400-ден астам бала қатысты.

Осындай кездесулер ТЖМ-нің басқа аумақтық бөлімшелерінде де жоспарланған және жыл бойы жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек