11 Қаңтар 18:05

«Тоқаевты ұйып тыңдайтын» Майлыбек Путиннен НЕГЕ қорқады?

Майло атты ақылды ит
Фото: Коллаж NEGE

Әлеуметтік желіде Майло – Майлыбек деген сүйкімді иттің қылықтары қазақстандықтарды қатты қайран қалдырып жүр. Иесі қойған ат – Майло. Бірақ иттің тек қана қазақша мультфильмдер көріп, қазақша әндерге ғана елең етіп, соған билейтініне, әнұранды естігенде, бір аяғын көтеріп қалшиып тұра қалатынына қызыққан жұрт «Майлыбек» деп атап кетті. «Өткен өмірінде қазақ болған шығар», «жаны қазақ-ау», «нағыз патриот», «бұл – Майло емес, Майлыбек қой» деп әзіл шынын араластырып жазба қалдырғандардың қарасы көп. 

Майлоның иесі – Алматы қаласының тұрғыны Темірлан ДОСПАЕВ. Ресейден көшіп келген Т.Доспаев соңғы үш жыл Майло өзіне сенімді серік болғанын айтады.

Ақылды әрі аңшы ит
Фото: ғаламтордан
@papa_mailo Майло да жяй калмайт))) айдык🐶🇰🇿 #парсонрасселтерьер #джекрасселтерьер #собачники #собачникипоймут #майло #майлыбек #собакен #алматы #казахстан #рек #рекомендации ♬ оригинальный звук - 𝗨 𝗦 𝗔 𝗢𝗿𝗶𝗴𝗶𝗻𝗮𝗹 🇺🇸

 

«Жасым қазір 29-да. 26-ға толған кезімде достарым оны маған туған күніме тарту етті. Мұндайды күтпеген едім. Ол кезде Майлоға небәрі 4 ай толған еді. Тұқымы – парсон-рассел-терьер. Өз басым ит асырауды бала күнімнен армандап келдім. Джим Керри ойнаған «Маска» фильмін қызыға көретінмін. Бірақ өзімнің баспанам болғанда асырармын деп жүргенмін. Сыйға бергендіктен бас тарта алмадым», – дейді Темірлан.

@papa_mailo Өз елінің иті де қадірлі🐶 #собачникипоймут #джекрасселтерьер #джекрассел #собакен #казахстан #алматы #гимнказахстана #собакен🐶 #майло ♬ оригинальный звук - Papa_Mailo

Әрине, ең алдымен Майлоның қазақ тіліне, мемлекеттік әнұранға деген сүйініспеншілігіне күмән білдіріп жатқандар да бар. Бұл сәтті түсірілім немесе монтаж арқылы талай ғажайыпты жасауға болатыны да рас. Десе де, Майлоның иесі мұны жоққа шығарып отыр. Орысша айтқан бұйрықтарын тыңдамай қоятын қыңырлығы да бар екенін алға тартты.

С собакой
Фото: ғаламтордан

«Орысша бұйрықтарды орындамай, қазақша бұйрықтарды ғана орындауы – жай қойылым емес. Расында да солай. Сондықтан тек қазақша бұйрық беруге тура келеді. Қазақша әндерді жақсы көреді. Қазақша сөздері бар әндерді естісе, орынан атып тұрады. Бірақ тек қана менімен бірге билейді. Ал орысша немесе ағылшын тілінде әндерді тыңдамайды. Мән бермей отыра береді. Қазақша әндерге басын қимылдатып, тыңдай бастайды. Рас, Қазақстанның әнұранын қойғанда тік тұруды, қимылдамауды, жүрмеуді үйреттім. Бірақ бір аяғын көтеріп, кеуде тұсына қоюды өзі шығарып алды. Қазір әнұран аяқталғанша тапжылмай тұратын болды», – дейді Майлоның иесі.

@papa_mailo Звуки Домбры завораживают🐶🇰🇿 #парсонрасселтерьер #джекрасселтерьер #собачники #собачникипоймут #майло #майлыбек #собакен #алматы #казахстан ♬ оригинальный звук - Papa_Mailo

Қазақшалап «жүр» десе ғана, иесінің айтқанын орындайды екен. Орысша айтса, түсінбеген кейіп танытады. Иесі Майлыбекті ақылды ит болуға баулығанын жасырмай айтып берді.

«Оның кішкентай кезінде, яғни 4 айлығынан бастап оны кинологқа апарып жүрдім. Қауіпсіздігі үшін базалық білім бергім келді. Ол үшін «бері кел», «отыр», «жүр» деген бұйрықтарды орындауды үйреттім. Бұл сөздерді ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде айтатынмын. Өйткені, тілдерді үйрену өзіме де тиімді болған соң, солай істедім.

Ресейде, Челябинскі қаласында туып-өстім. Орыс мектебін оқыдым, айналамның бәрі орысша сөйлейтін адамдар еді. Қазақ тілін Алматыға келген соң ғана үйрене бастадым», – дейді Темірлан.

@papa_mailo Хватит с нас политики😔 #парсонрасселтерьер #джекрасселтерьер #джекрассел #собачникипоймут #собакен #казахстан #алматы #майло #собакен🐶 #майлыбек #токаев #путин ♬ оригинальный звук - Papa_Mailo

Ал Майлоның бұрынғы иелері – қазақтілді отбасы екен. Темірлан қазақша мультфильмдер немесе қазақша әндерді қосса, иттің елең етіп, бірден назар аударатынын аңғарыпты. Сондықтан оған үнемі теледидардан қазақша бағдарламаларды қойып берген. Қазір онлайн жұмыс істегендіктен, үйде итінің жанында көп болады. Ілгеріде жұрт секілді тоғыздан алтыға дейін жұмыс істейтін кезде, Майлыбек үйінде көп уақыт жалғыз қалатын. Іші пыспасын, теледидарлардағы бейнелерге көңілі бөлінсін деп, «Балапан» арнасын қосып, өзі жұмысқа кетеді екен. Сондықтан, теледидардағы мультфильмдерді жақсы көреді.

Ақылды ит
Фото: Видеодан скрин

Бір бейнежазбада Майлыбектің Тоқаевты ұйып тыңдайтыны, ал кадрдан Путин көрінгенде қорыққандай қыңсылағаны бар. Жұрт мұны да сан-сақққа жүгіртіп жүр.

@papa_mailo Буду еще чаще комбинировать языки. Глядишь через год сам заговорит🐶 #парсонрасселтерьер #джекрасселтерьер #джекрассел #собачникипоймут #собакен #казахстан #россия #украина #сша #алматы #собакен🐶 #майло ♬ оригинальный звук - Papa_Mailo

«Путиннің бейнесінен шынымен қорқа ма?», – деген сауалға Темірлан былай деп жауап берді:

«Мен итке бір адамды жақсы көруді, енді бір адамды жек көруді үйрете алмаймын ғой. Әсіресе, теледидардағы адамды. Әйтеуір сондай реакция білдірді. Ол қара нәсілді жігітке де үрді. Мен оған рассизмді үйретпедім. Өмірінде қара нәсілді адамдарды көрмеген. Сондықтан түсінбей үретін шығар».

Парсон-рассел-терьер тұқымы – өте ақылды, аңшы иттердің тобына жатады. Атжалмандарды жақсы аулайды. Ілкіде дәнді дақылдар өсіретін фермалар зиянкестерді құрту үшін асырапты.

«Кез келген итке көңіл бөліп, баулу керек. Мен онымен ұдайы сөйлесемін. Бірдеңелерді оқып беремін. Ақпаратты түсіне алатындай етіп ақылын дамыту қажет. Әйтпесе, көп иттің бірі болып қалады», – дейді Темірлан.