Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елена Рыбакина Аделаидадағы турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kazinform.

Елена Рыбакина
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 21-орында тұрған ресейлік Екатерина Александровамен кортта кездесті.

Матчты сәтсіз бастаған Е.Рыбакина қатарынан төрт геймді беріп қойды – 0:4. Бұдан кейін есепті қысқартқанымен, сет Александрованың еншісінде кетті – 3:6.

Ресейлік теннисші екінші партияда тіпті алға кетті – 5:0. Ақыры дегеніне жетті – 6:3.

Сағат жарымға созылған кездесуде Елена 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Е.Александрова 6 эйс, 5 брейкке (13 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Е.Александрова финалға шығу үшін әлемнің 12-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік таластырады. Ол ширек финалда рейтингіде 41-сатыдағы украиналық Марта Костюктың меселін қайырды – 7:5, 6:3.

 

Қазір оқып жатыр

«15 млн қазақстандықтың деректері сатылымға шықты»: ІІМ ресми мәлімдеме жасады

Түркістан

Баян Алагөзова мен Динара Сәтжан сотқа берген ақтөбелік емші айыппұл арқалады

Алагөзова, Сәтжан

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ