USD
USD
USD

Алматыда шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Фото: Фото: Tengrinews.kz

 

Алматы, NEGE. Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" КММ басшысының орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Шенеунік алаяқтық жасау бойынша күдікке ілінді. Алдау арқылы ол аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және ҚТҚ шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен 21 миллион теңге көлемінде жергілікті кәсіпкердің ақшалай қаражатын иемденген.

Күдікті үй қамағына алынды", - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала