USD
USD
USD

ҰБТ: Ереже бұзған 628 талапкердің нәтижесі жойылды

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 181 мыңнан астам талапкер тест тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

ҰБТ: Ереже бұзған 628 талапкердің нәтижесі жойылды
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. 2024 жылғы негізгі ҰБТ кеше аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығы оның қорытынды мәліметімен таныстырды.

Оның ішінде:

Талапкерлердің 75,1% - ы қазақ тілінде, 24,8% - ы орыс тілінде, 168 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті;

шекті балды 76,4%-ға жуық (139 мың) талапкер жинады;

орташа балл – 68 балл;

641 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты;

ең жоғары балл – 140.

Ереже бұзғаны үшін 628 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:

смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 393 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 188 адам шығарылды;

бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 47 адамның нәтижесі жойылды;

бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев