USD
USD
USD

Елдос Сметов – Париж Олимпиадасының чемпионы

Дзюдодан ұлттық құраманың көшбасшысы Елдос Сметов Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды сыйлады. 

Дзюдо
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Дзюдодан Париж Олимпиадасында 60 келідегі Елдос Сметов финалдық белдесуде жарыс қожайыны Лука Мхеидзені вазари әдісімен жеңді.

Финалдық белдесулерді Франция президенті Эмманюэль Макрон арнайы барып, тамашалады.

ЖАРЫС ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ:

1/16 финал

Торнике Чкадуа (Токио Олимпиадасында 5-орын алған)

1/8 финал

Дилшот Халматов (Украина)

1/4 финал

Янг Юнвэй (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері)

1/2 финал

Франсиско Гарригос (2023 жылғы Әлем чемпионы)

Финал

Лука Мхеидзе (Токио Олимпиадасының қола жүлдегері)

Бұл Елдос Сметовтың үшінші Олимпиадасы. Бұған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанса, 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлдеге иелік еткен. Енді Париж төрінде алды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының ресми алғашқы жарыс күнін Қазақстан спортшылары 2 жүлдемен аяқтады. Бұған дейін 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен атудан аралас жұптық сайысында Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлдегер атанды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар