USD
USD
USD

Өзбекстан мен Тәжікстан өзара тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізбек

Өзбекстан мен Тәжікстан басшылары екі ел үкіметінің алдына өзара тауар айналымын 2 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Өзбекстан мен Тәжікстан өзара тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізбек
Фото: yuz.uz

Алматы, NEGE. Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Душанбе қаласында Шавкат Мирзиёев пен Эмомали Рахмон арасында өткен кездесу барысында президенттер саяси диалогты тереңдетуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, өңіраралық және мәдени-гуманитарлық байланыстарлы нығайтуға ерекше назар аударды.

Қос мемлекеттің президенттері "Одақтастық қарым-қатынас туралы" тарихи келісімінің өзбек-тәжік байланыстарын сапалы әрі жаңа деңгейге көретуге ықпал ететінін атап өтті.

Кейінгі жылдары өзара тауар айналымы 40 есе өсті. Бірлескен кәсіпорындар саны 15 есеге артты.

"Екі елдің үкіметі алдына тауар айналымын 2 млрд долларға дейін жеткізу міндеті қойылды. Бұл межеге жаңа тауар түрлерін экспорттау мен импорттау және шекара маңындағы сауда аймақтарын таяу уақытта іске қосу есебінен қол жеткізу тапсырылды", - деп мәлім етті Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны