USD
USD
USD

Ақтөбе облысындағы қираған үйлер тиісті министрліктің бақылауында болады

Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барған еді. 

Ақтөбе облысы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Ақтөбе облысына барған жұмыс сапары барысында тасқыннан зардап шеккен үйлердің жағдайымен танысып, тұрғын үйлердің құрылы барысын жеке бақылауына алатынын айтты.
Сондай-ақ министр Қ.Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жаңа тұрғын үй салуға әкімдік тарапынан бөлінген жер телімдерінің жағдайын да тексерді.

Жергілікті атқарушы биліктің мәліметінше, облыста 436 дайын жер телімі бар, оның ішінде Ойыл ауданында – 321, Қобда ауданында – 77, Әйтекеби ауданында – 22, Темір ауданында – 10, Ақтөбе қаласында – 6.

 

Қ.Шарлапаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қалпына келтіру мәселесін жеке бақылауда ұстайтынын атап өтті.
Сонымен қатар ол Қобда ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін және 2023 жылы апаттан зардап шеккендерге арнап салынған 24 тұрғын үйді аралап, жай-күйімен танысты.
Бұл шаралар табиғи апаттарға тап болған азаматтарды қолдау жөніндегі кең ауқымды мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі.

Сағадат БАҚЫТБЕК

Қазір оқып жатыр

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң