USD
USD
USD

Алматы тауларына 500 өрік көшеті отырғызылды

«Алматы - біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Бутаковка шатқалына 500 жеміс ағашы - өрік отырғызылды, деп хабарлайды Kazinform.kz.

Алматы тауларына 500 өрік көшеті отырғызылды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі директорының орынбасары Ұзақ Мықитановтың айтуынша, бұл аталған учаскеге былтыр 1000 Сиверс алма ағашы отырғызылған.

«Биыл таңдау өрік көшеттеріне түсті, өйткені олар таулы аймақтағы климаттық жағдайларға жақсы бейімделген. Өрік көшеттерін отырғызу алдында тамырлар кеуіп қалмас үшін арнайы болтушкаларда (жер мен су) ұстадық», - деп бөлісті ол.

«Медеу» табиғи паркі қызметкерлерінен басқа, ағаш отырғызуға облыстық және қалалық Экология басқармаларының, Медеу ауданы әкімдігі мен прокуратурасының қызметкерлері, сондай-ақ экобелсенділер мен еріктілер қатысты.

«Кеше біз ардагерлер және зейнеткерлерімен бірге сенбілік өткіздік. Біз осы акцияны жалғастырып, баршаны қаланы абаттандыру мен көгалдандыруды қадағалауға шақырамыз», - деді студенттік экопатрульдің басшысы Әділ Нұрпейісов.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы