USD
USD
USD

Алматыда ҮАК бойында жол опырылып қалды

Алматыда Үлкен Алматы каналының бойындағы жол опырылып қалды- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол опырылды
Фото: Видео-скрин

Алматы, NEGE. Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан Талғар өзенінің қиылысында жол жиегі опырылып қалғанын көруге болады. Бұл жерде үлкен жартас пайда болған.

Ават ауылдық округі әкімдігінде ақпарат расталды. Әкімдік мәліметінше, төтенше жағдай 21 тамызда кешкі уақытта "приканальная БАК" жолының 25-ші шақырымында болған.

Ават ауылдық округінің әкімі Момұнжан Исламовтың айтуынша, автомобиль көпірінің апатқа ұшырауы себебінен жол мамырдан бері көлік қозғалысы үшін жабық.

"Талғар өзеніндегі көпір апатты жағдайда болды, яғни көпірдің тіректері өзен суымен ағып кетті. Талғар өзеніндегі су көлемінің ұлғаюына байланысты жол ағып, салдарынан жолдың шеттері құлады", - деп түсіндірді әкім.

Қазір апаттық учаскеде кезекші пост қойылды. Мұнда жаяу жүрудің өзі қауіпті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза