USD
USD
USD

Екатеринбург-Алматы тасжолында қатарынан 11 көлік соқтығысып қалды

Зардап шеккен 5 адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Екатеринбург-Алматы тас жолында жаппай жол-көлік оқиғасы болды. 11 көліктің соқтығысуынан 5 адам зардап шеккен.

Жол көлік оқиғаcы туралы видеолар әлеуметтік желіде тарады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Toyota Camry маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі жол ережелерін сақтамағанын анықтады. Ол арақашықтықты сақтамай, сондай-ақ жылдамдық режимін асырып, алда келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан 11 көлік соқтығысты, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі.

Зардап шеккен 5 адам әртүрлі жарақаттармен дереу ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева