USD
USD
USD

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директорымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен кездесті.

Әлихан Смайылов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Тараптар экономиканы дамыту, цифрландыруды енгізу, қоршаған ортаны қорғау және т. б. салалар бойынша бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Татьяна Проскурякова
gov.kz

Үкімет басшысы 30 жылдық серіктестік барысында елімізде жалпы сомасы $8 млрд-тан астам 48 бірлескен жобаның сәтті іске асырылғанын атап өтті. Бүгінде 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Оның сөзінше, Дүниежүзілік банкпен серіктестік инклюзивті және тұрақты дамуға қол жеткізу үшін Қазақстанда іске асырылып жатқан реформаларды қолдауға бағытталған. 20 жылдан астам сәтті жүзеге асырылып жатқан Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы оның айқын мысалы болып табылады.

«Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банкпен серіктестікті әрі қарай нығайтуға ниетті», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Татьяна Проскурякова Ұйым Қазақстан бойынша жаңа жобаларды дайындауды жандандырғанын, оған былтыр тамызда өткен келіссөздердің ықпал еткенін атап өтті. Оның ішінде Үкіметтің шалғай елді мекендерді интернетке қосу бағдарламасы да бар.

«Бұл Орталық Азиядағы барлық ел үшін жақсы үлгі болады деп ойлаймын. Менің ойымша, Қазақстанның өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлі нығая түспек», — деді ол. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси